БКМ оқушыларының шығармашылық жұмыстарының "Ең сүйкімді және сүйікті" көрмесі

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні керемет жарқын мерекесінің қарсаңында  Балалар көркемөнер мектебінің  дайындық  және 4 курс оқушыларының  шығармашылық  жұмыстарының "Ең сүйкімді және сүйікті"  көрмесі ұйымдастырылды. Жас суретшілер өздерінің жұмыстарына ең көңілді және жан тебірентетін сезімдерін салды. Жұмыстың ашық түстілігі, түрлі-түстілігі мерекелік көңіл күйді, сүйіспеншілікті, көктемдегі көңіл-күйді  білдіреді.