Пікірталас

06.12.2025

Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Балалар көркемсурет мектебінде оқушылар арасында интеллектуалдық пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыстың өзекті тақырыбы – «ЖИ және ЭПСЧ технологиялары өнерге пайдасынан гөрі зиянын әкеледі». Оқушылар маңызды пікірталасқа белсенді қатысып, өз ұстанымдарын дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар нақты дәлелдер мен дәйектер келтіре білу,  қарсыласты тыңдай және түсіне білу,  диалогты сауатты жүргізу дағдыларын көрсетті.  
Бұл тек көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі ғана емес, сонымен бірге технологиялардың өнердегі рөліне терең үңілуге мүмкіндік берген құнды сабақ болды.

Просмотров: 6770


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу