Балалар көркемөнер мектебі оқушыларының «Өнердің жаңа тынысы» атты сәндік-қолданбалы өнер және мүсін көрмесі

27.02.2026

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Балалар көркемөнер мектебі оқушыларының «Өнердің жаңа тынысы» атты сәндік-қолданбалы өнер және мүсін көрмесі өтуде.

Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнер мен мүсіннің түрлі техникасында орындалған жұмыстар ұсынылған. Ол оқу, шығармашылық, жобалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін көрсетеді. Көрме әртүрлі жанрларды қамтиды: сюжеттік композициялар, пейзаждар, қуыршақтар, сондай-ақ көлемді кеңістіктік формалар.

Просмотров: 4821


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу